Қарлығаш Аралбекова Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданының әкімі болып тағайындалды

0 74

Қарлығаш Әмірқызы Аралбекова қала әкімінің өкімімен Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімі болып тағайындалды.

Қарлығаш Әмірқызы Аралбекова 1977 жылы туған.

Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Абай атындағы Алматы университетін, Чехия Республикасындағы Орталық Богемия қолданбалы ғылымдар және менеджмент институтын «Экономика және бизнес», «Қаржы және несие», «Халықаралық экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «ASIC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған.
2004-2005 жылдары – «Бетта стар», «Алматы Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің менеджері, кредиттік офицері;
2005- 2009 жылдары – «АТФ Банк» акционерлік қоғамының бас маманы, басқарма бастығы, филиал директоры;
2009-2013 жылдары – «Альянс Банкі» акционерлік қоғамының басқарма басшысы, департамент директоры, филиал директоры;
2013-2015 жылдары – «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының филиал директоры;
2015-2017 жылдары – Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының директоры;
2017-2018 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы;
2018-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы;
2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы;
2021-2024 жылдары – Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
2024-2025 жылдары – «Kazyna TAU» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметтерін атқарған.

2025 жылдың 31 қазанынан бастап қала әкімінің өкімімен Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімі болып тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.