Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық Құрылтайға қатысады

0 11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында өтетін Ұлттық Құрылтайдың IV отырысына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста Президент елдің дамуы мен қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде сөз сөйлейді. Сонымен қатар, құрылтай мүшелері саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша өз ұсыныстарын ортаға салады.

Ұлттық Құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

  • 2022 жылы – Ұлытауда;
  • 2023 жылы – Түркістанда;
  • 2024 жылы – Атырауда өтті.

Ұлттық Құрылтай алғаш рет 2022 жылғы 16 наурызда Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында ұсынылып, оны құру туралы жарлыққа Мемлекет басшысы 15 маусымда қол қойған болатын. Бұл құрылым ұлттық кеңестердің жұмысын жалғастыру және ел дамуының стратегиялық бағыттарын талқылау мақсатында құрылды.

2024 жылы Ұлттық Құрылтайдың құрамы жаңартылып, жаңа мүшелермен толықтырылды. Жиында ұлттық бірегейлікті сақтау, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және әділетті Қазақстан құру жолындағы бастамалар талқыланбақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.