Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогында екі алтын жеңіп алды

0 7

Колумбияның Медельин қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль еншіледі.

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан өкілі Эдуард Ким еркін бағдарлама бойынша үздік нәтиже көрсетіп, 195.2476 ұпай жинады. Осылайша спортшы ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин қола жүлдеге ие болған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.