Қазақстан болат дайындамаларды экспорттауға уақытша тыйым салды
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі бұйрығына сәйкес, Қазақстаннан шойын мен легирленбеген болат дайындамаларын экспорттауға алты ай мерзімге төтенше тыйым салу енгізілді. Бұйрық 2025 жылдың 26 шілдесінен бастап күшіне енеді.
📌 Экспортқа тыйым салынған тауарлар:
-
Құйма немесе басқа да бастапқы пішіндегі шойын және легирленбеген болат (ТН ВЭД 7203-ке жатпайтын шойыннан басқа);
-
Темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар.
🔍 Тыйым салудың мақсаты – ел ішіндегі металл өңдеу өнеркәсібін дамыту, қосылған құны жоғары өнім шығару және ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз ету. Бұл бастама арқылы министрлік болат өнеркәсібін тереңірек өңдеу сатысына бағыттауға мүдделі екенін жеткізді.
📆 Бұған дейін де 2024 жылдың желтоқсанында осыған ұқсас шаралар қабылданған болатын.