«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалы «1000 км Таза жолдар – Таза Қазақстан!» атты экологиялық акция өткізеді.
2026 жылғы 10 сәуірде
«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалы
«1000 км Таза жолдар – Таза Қазақстан!» атты экологиялық акция өткізеді.
Бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау және қала тазалығын сақтауға жұртшылық назарын аудару.
Іс-шара аясында еріктілер мен қала тұрғындары белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелер мен жолдарды қоқыстан тазартып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосады.
Барша қала тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
Сүйікті қаламызды бірге таза, көрікті әрі жайлы етейік!


