Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

0 4
Қазақстанның әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Қазақстандық спортшылар командалық спринтте жеңіске жетті. Отандастарымыз 1:28.77 уақытта мәреге жетті.

Бұл сында ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.

Польша құрамасы 1:28.94 уақыт нәтижесімен күміс жүлдеге ие болса, Канада 1:29.25 уақыт көрсеткішімен үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында чемпион атанып, 3000 метрде күміс жүлде жеңіп алған еді. Сондай-ақ ол кіші көпсайыста да топ жарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.