Қазақстан рәміздерін қорлағандарға қандай жаза қолданылады

0 44

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметі бойынша, мемлекеттік рәміздерді орынсыз пайдаланғандар Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс бойынша, қорлағандар Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілікке тартылады.

Енді осы баптарды тарқатып көрейік.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 458-бабының 1 бөлігі:

Мемлекеттік туды, Елтаңбаны, Гимнді заңнама талаптарын бұза отырып пайдалану мен орындаудың жазасы – 50 айлық есептік көрсеткіш (биыл – 196 600 теңге) көлемінде айыппұл.

Осы кодекстің 418-бабындағы 1-бөліктің 1-тармағы:

Мемлекеттік ту мен Елтаңбаны қолданғанда, көрнекі орынға қойғанда (ілгенде) мемлекеттік нышандар туралы заңнама бұзылса, ескерту жасалып:

жеке тұлғаларға – 5 АЕК (19 660 теңге);
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10 АЕК (39 320 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК (78 640 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК (117 960 теңге) айыппұл салынады.
Ал мемлекеттік рәміздерді қорлағандар Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша қудаланады.

— Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау – 3 мың АЕК (11млн 796 мың теңгеге дейін) мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына; не 900 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға; не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге; не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, — деп жазылған кодекстің 372-бабында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.