Қазақстан XXV Қысқы Олимпия ойындарында бір алтын медаль жеңіп алды

0 4

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, Италияда өткен XXV Қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан құрамасы 1 алтын медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 19-орынға тұрақтады.

Алтын жүлдені мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың көшбасшысы Михаил Шайдоров жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері алғаш рет қысқы Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді. Отандастарымыз дәстүрлі түрде жүлде алып жүрген Финляндия, Польша және Бельгия құрамаларын артта қалдырды.

Биылғы додаға Қазақстаннан 10 дисциплина бойынша 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.