Қазақстанда 22,7 млн тонна астық бастырылды

0 11

Елімізде егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 22,7 миллион тонна астық бастырылған.

Биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 миллион гектардан асады. Соның ішінде 14,3 миллион гектар немесе жалпы егіс көлемінің 88,9 пайызы орылып, астық қамбаға құйылған.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,7 млн тонна майлы дақыл, гектарына 227,3 центнер өнімділікпен 2,6 млн тонна картоп, сондай-ақ гектарына 306,7 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда:

  • Қырыққабат — 323,6 ц/га өнімділікпен 428,8 мың тонна;

  • Пияз — 440,5 ц/га өнімділікпен 1 017,6 мың тонна;

  • Сәбіз — 288,3 ц/га өнімділікпен 359,6 мың тонна.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.