Қазақстанда 3 700-ге жуық мопед тіркелді

Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту, сондай-ақ жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды белсенді жалғастыруда

0 42

Алматыда полиция қызметкерлері мопед иелері арасында көлік құралдарын тіркеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жол жүрісі қағидаларын сақтау қажет екендігін еске салды.

Барлық мопед иелері көліктерін 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркеуге міндетті.

Мопедті тіркеу үшін иелері тұрғылықты жері бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) жүгініп, құжаттарды ұсынып, техникалық тексеруден өтіп, сондай-ақ көлікті тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеуі қажет.

Айта кету керек, 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Тіркелмеген мопедтерді пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.

Бүгінгі таңда республика бойынша 3 700-ге жуық мопед тіркелген, оның шамамен 1 400-і Алматыда.

Полицейлер көлік құралдарының иелерін барлық қажетті рәсімдерді уақтылы орындауға және заң талаптарын сақтауға шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.