Қазақстанда алғаш рет апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өзгерген жоқ
Биыл алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының апта ішіндегі бағасы өзгеріссіз қалғаны тіркелді. Бұл туралы Сауда комитеті хабарлады.
Сарапшылардың мәліметінше, баға өсуінің қарқыны бәсеңдеп, кейбір өнімдер бойынша төмендеу байқалған. Мәселен:
-
Жұмыртқа – 1,2%-ға,
-
Пияз – 0,8%-ға,
-
Сәбіз – 0,6%-ға,
-
Рожки мен күріш – 0,1%-ға арзандады.
Жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға төмендеген.
Өңірлер бойынша баға индексі:
-
Түркістан облысы – 0,2%-ға төмендеген;
-
Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары – 0,1%-ға төмендеген;
-
Алматы, Астана, ШҚО, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстары – өзгеріссіз.
Баға бақылауы және заң бұзушылықтар:
-
Сауда комитеті 15%-дық шекті сауда үстемесін асыруға қатысты 1 872 әкімшілік іс қозғаған;
-
6 100-ден астам тауар жеткізу тізбегі талданған;
-
Соның ішінде 655 жағдайдан бәсекелестік заңнамасын бұзу қаупі анықталған.
Бақылау шаралары:
-
3 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер делдалсыз сатылған;
-
Нарықты үздіксіз қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында бизнес өкілдерімен тұрақты диалог жүргізіліп жатыр.