Қазақстандық 10 боксшы Futures Cup турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Турнир аясында он отандасымыз финалға шығу үшін бақ сынайды.
Атап айтқанда, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) жартылай финалға өтті.
Әйелдер арасында Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) жартылай финалда жұдырықтасады.
Айта кетейік, Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) жартылай финалда Калеб Стюарт Рейдті (АҚШ) жеңіп, финалға шықты.
Жартылай финалдық бәсекелер 14 наурызда өтеді.