Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында 4 алтын жеңіп алып, тарихи нәтиже көрсетті
Солтүстік Македонияда өткен жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасында (JBMO) қазақстандық оқушылар еліміздің атынан қатысу тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 24 елдің арасында екінші орынға ие болды.
🥇 Алтын медаль иегерлері:
-
Әнуар Ағыбаев – Алматы, NurOrda халықаралық мектебі, 9-сынып
-
Александр Олейников – Алматы, NurOrda халықаралық мектебі, 9-сынып
-
Жәңгір Булат – Алматы, Республикалық физика-математика мектебі, 8-сынып
-
Батырхан Бейғанов – Алматы, Республикалық физика-математика мектебі, 9-сынып
🥈 Күміс медаль:
-
Нұртай Мәлік – Ақтөбе, «Білім-инновация» лицей-интернаты, 9-сынып
🥉 Қола медаль:
-
Мирас Кеңесбек – Қарағанды, «Білім-инновация» лицей-интернаты, 9-сынып
Жас математиктерді дайындаған жетекшілер:
-
Сергей Полянских – Назарбаев Зияткерлік мектебі, Талдықорған
-
Перизат Саутбекова – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері
Олимпиада жайлы:
JBMO – 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған беделді халықаралық жарыс. Қатысушы елдер қатарында Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия және тағы басқа мемлекеттер бар. Қазақстан бұл олимпиадаға 2004 жылдан бері қатысып келеді және жыл сайын үздіктер қатарында. Өткен жылы Түркияда өткен жарыста да 6 медальмен елге оралған.