Қазақстандық теннисшілер Уимблдон-2025 іріктеуін үш жеңіспен бастады
Уимблдон-2025 турнирінің іріктеу кезеңінде қазақстандық төрт теннисшінің үшеуі жарысты сәтті бастады. Олар алғашқы айналымнан сүрінбей өтіп, келесі кезеңге жолдама алды.
ATP рейтингінде 190-орында тұрған Михаил Кукушкин алғашқы кездесуінде бразилиялық Тиагу Зайбота Вилдамен (120) кездесіп, алғашқы сетте ұтылғанымен, кейінгі екі партияда жеңісті жұлып алды — 4:6, 6:4, 6:3.
Тимофей Скатов (212) италиялық Стефано Наполитаноны (684) айқын басымдықпен жеңіп, 6:1, 6:4 есебімен келесі кезеңге өтті.
Бейбіт Жукаев (251) пен украиналық Виталий Сачко (213) арасындағы матч аса тартысты өтті. Қорытынды есеп — 7:5, 4:6, 7:6 — Жукаевтың пайдасына шешілді.
Алайда Дмитрий Попко (178) іріктеудің алғашқы кезеңінде аргентиналық Роман Андрес Бурручагадан (133) 2:6, 1:6 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.
Айта кетейік, Уимблдон турнирінің негізгі кезеңінде Қазақстан атынан Александр Бублик (ATP 30) пен Александр Шевченко (ATP 97) өнер көрсетеді. Бұған дейін Бубликтің ATP рейтингіндегі позициясы жақсарғаны туралы хабарланған болатын.