Қазақстанға қай елдерден жұмысшылар көп келеді?
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту артып келеді. 2025 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша елімізде 13 072 шетел азаматы жұмыс істейді
Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Шетелдік еңбек күшіне берілген рұқсаттар арасында келесі категориялар бойынша жұмыс істейтіндер бар:
• 1-ші категория – басшылар мен олардың орынбасарлары (568 рұқсат)
• 2-ші категория – құрылымдық бөлімшелердің басшылары (2528 рұқсат)
Негізгі жұмыс күшін үшінші (мамандар) және төртінші (кәсіби жұмысшылар) категориялар құрайды. Бұл категориялар бойынша жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың саны сәйкесінше 4787 және 987 адамды құрайды.
Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 672 адам тартылған, ал корпоративтік ауысым бойынша елімізге 3530 азамат келген.
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 710 жұмыс беруші бар. Оларда жалпы саны 383,1 мың қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96,6%-ын құрайды.
Шетелдік жұмыс күшінің негізгі келіп түскен елдері:
• Қытай – 4778 адам
• Түркия – 1158 адам
• Үндістан – 1121 адам
• Өзбекстан – 623 адам