«ҚазАвтоЖол» бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

0 8

ҚазАвтоЖол еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыз болуына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.

Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 26 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Ұлытау, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар жауып, боран соғуы мүмкін.

Осыған байланысты жүргізушілерге жолға шыққанда жылдамдық режимін қатаң сақтап, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстану, сондай-ақ жолдағы ауа райы жағдайын ескеру ұсынылады.

Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.