ҚХП Жамбыл облыстық филиалында дөңгелек үстел өтті

0 13

Бүгін «Халық үні» жобасы аясында «Қауіпсіз орта: қоғамдық мониторинг қорытындылары және өзара іс-қимыл шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге полиция департаменті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері мен белсенді азаматтар қатысты.

Іс-шарада көшелерді жарықтандыру және учаскелік полиция пункттерінің қолжетімділігіне қатысты қоғамдық мониторинг нәтижелері талқыланды. Қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті арттыру, халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайту бағытында нақты ұсыныстар әзірледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.