Қытайда химиялық зауыттағы жарылыстан 5 адам қаза тапты
27 мамыр 2025 жыл — Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясының Вэйфан қаласында орналасқан Gaomi Youdao Chemical Co. химиялық зауытында ірі жарылыс болды. Бұл кәсіпорын — әлемдегі хлорпирифос пестицидін өндіретін ең ірі зауыттардың бірі.
Жарылыс салдары:
-
Қаза тапқандар: кемінде 5 адам
-
Із-түзсіз жоғалғандар: 6 адам
-
Жараланғандар: 19 адам
-
Залал: жарылыс толқыны 3 шақырым радиустағы ғимараттардың терезесін сындырған. Жақын маңдағы тұрғын үйлер, мектеп және мейрамхана зақымданды.
Оқиға орнына 230-дан астам құтқарушы мен 55 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта экологтар ауаның сапасын тексеруде, алайда ресми нәтижелер әлі жарияланған жоқ. Жергілікті тұрғындарға қорғаныс маскасын кию ұсынылды.
Айта кетейік, бұл зауыт 2024 жылы 800-ден астам қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін тексеруден өткен болатын. Алайда, жарылыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жүргізілуде.
Қытайда өндірістік қауіпсіздік мәселесі өзекті күйде қалып отыр. Тек 2024 жылы елде 21 800 өндірістік оқиға тіркеліп, 19 600 адам көз жұмған.