Шавхат Рахмоновтың жұбайы жол апатына ұшырады: екі адам көз жұмды
UFC жұлдызы Шавхат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысында жол апатына ұшырап, салдарынан екі жолаушы қаза тапты. Бұл туралы ІІМ мен жергілікті медицина мекемелері растады.
Оқиға Алматы–Екатеринбург тасжолының 296 шақырымында, Ақсүйек ауылының маңында болған. Toyota Land Cruiser көлігін басқарған Рахмонова рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.
🚗 Қаза тапқандар:
-
39 жастағы жолаушы – оқиға орнында;
-
35 жастағы жолаушы – ауруханаға барар жолда көз жұмған.
🏥 Жараланғандар:
-
Гүлайым Рахмонова мен оның 2022 жылы туған ұлы – Шу қалалық ауруханасында. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа деп бағалауда. Ота қажет емес.
🔍 Тергеу басталды: полиция ҚР ҚК 345-бабы бойынша («Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соғу») сотқа дейінгі тексеру жүргізуде.