Шерхан Мұртазаның немере інісі мемлекеттік қызметте қалай өсті?

0 102

Бұл туралы Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза Sert Inform подкастында айтып берді.
Әкім әуелі өзінің еңбек жолы туралы бөлісті:

«Жастайымнан мемлекеттік қызметке араластым. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң бірден жұмысқа тұра алмадым. Алдымен келісімшартпен 7 айдай жұмыс істедім. Ол кезде Астанадағы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінде қызмет еттім. Сол жақта басқарма басшысының міндетін атқарушы лауазымына дейін көтерілдім. Кейін туған елге оралып, елге қызмет еткім келді. Содан бері осындамын. 2010 жылдан бері ащысын да, тұщысын да көріп келемін», – дейді ол.

Сұхбат барысында мемлекеттік қыз
меттегі өсу жолында ағасының ықпалы болған-болмағанын да сұрадық.
«Алты алашқа аты мәлім Шерхан Мұртазаның немере інісімін. Ағамның әруағын, атын құрметтеген болар, кейде мен туралы шешімдер қабылданған кезде ол жағынан басшылардың не ойлағанын нақты айта алмаймын. Бірақ бәрі тек өз еңбегімнің арқасы деп айтудан да аулақпын», – деп жауап берді Жалғас Мұртаза.

Подкасттың толық нұсқасын YouTube-тан көре аласыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.