SOS қауіпсіздік дабылы істемейді: халық үміті ақталды ма?

Sert-inform тілшісі өткен аптада Тараз қаласындағы қоғамдық орындарда орнатылған SOS дабыл түймесінің жұмысын эксперимент жасап, тексеріп көрді. Бұл батырма төтенше жағдайда жедел әрекет етуге арналған: азаматтар бір батырманы басу арқылы полициямен байланыса алады. Бірақ шын мәнінде, жүйе қаншалықты тиімді?

0 563

Эксперимент: шұғыл көмек қанша уақытта келеді?

Тілшіміз бірнеше нүктеде орналасқан SOS батырмаларын басып, жауап беру жылдамдығын тексерді. Алайда күтпеген жайт орын алды — дабыл түймесі жұмыс істемеді! Бірнеше минут, тіпті сағат өтсе де, жауап болмады.

Бірнеше күннен кейін ғана полиция қызметкерлері байланысқа шығып:
“Техникалық ақаулар анықталып, жөнделді” — деп мәлімдеді. Бірақ біз қайта тексердік. Нәтиже қандай болды? Қауіпсіздік жүйесіне сенуге бола ма? Бұл түймелер төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқаруы тиіс. Бірақ егер жүйе істемей тұрса, қиын жағдайға тап болған азамат кімнен көмек сұрайды? Мәселе шешілді ме, әлде бәрі көзбояушылық па?

Осы оқиғадан кейін жергілікті билік пен құқық қорғау органдары жүйенің толыққанды жұмысын қадағалап отырмыз деп сендірді. Түсірілім тобы батырманы басқанда бірден тиісті мекеменің қызметкерлері бірнеше минутта келді.
Кез келген азамат басына қауіп төнсе SOS батырмасын басса болады. Қоңырау шалған адам аты-жөнін, мекежайын айтпайды. Біз өзіміз анықтап, экипаж жібереміз,- деді Тараз қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының бастығы Амребек Жақсыбаев.
Ендігі біз өз тарапымыздан бұл мәселені назарда ұстап, алдағы уақытта тағы да тексеру жүргізетін боламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.