Тараздағы саябақта жиырмаға жуық аттракцион рұқсатсыз жұмыс істеп тұр

0 30

Тараз қаласындағы Жеңіс саябағында жиырмаға жуық аттракцион тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Олардың қатарында құны 80 миллион теңге тұратын алып шолу дөңгелегі де бар.

Аталған жер телімі 2019 жылы «Жасыл ел Тараз» коммуналдық кәсіпорны арқылы жеке кәсіпкерге үш жыл мерзімге жалға берілген болатын. Алайда кейін бұл келісімнің заңсыз жасалғаны анықталып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Соған қарамастан, кәсіпкер аттракциондарды пайдалануды тоқтатпаған. Биыл көктемде ол өз бетімен шолу дөңгелегін орнатып, оның жұмысын бастаған.

— Осы жылдың наурыз айында шолу дөңгелегінің құрылысы басталды. Біз әкімдік пен полиция тарапынан үш мәрте ескерту жасадық. Жер мемлекет меншігінде екенін және кез келген құрылыс заңды рұқсатпен ғана жүргізілуі тиіс екенін түсіндірдік. Бұл мәліметтер сотқа жолданған талап-арызымызда нақты көрсетілген, — деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жергілікті билік заңсыз салынған аттракциондарды алып тастап, аумақты босатуға тырысып жатыр. Қазіргі уақытта іс сот қарауында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.