Тоқаев бірнеше елшіні тағайындады
Президент жарлықтарымен бірнеше елші тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.