Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті

0 5

Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия тарапының бастамасымен Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға бейілді екенін растады.

Көлік-транзит, энергетика және туризм бағыттарына басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.