Тұрмысқа шығып, қызды болғаннан кейін көрінбей кеткен танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева ел алдына шығып, оқырмандарымен қауышты.
Ол Instagram желісінде ұзақ уақыттан кейін алғаш рет жазба жариялады.
«Қайырлы кеш! Инстаграмдағы көптен бергі бір көрінуім әдемі болсын деп, үстіме көйлек киіп жүріп өттім… Инстаграмға аз шығатындарға қызығамын. Нағыз өмір экранның бер жағында ғой. Дегенмен сіздермен хәл алысып тұрған да жақсы. Жақында сіздерге бір өнім ұсынбақпын, Аллаһ қаласа. Қандай өнім екенін жазыңыздар. Сіздерді қатты сағындым!»– деді әнші.