Тұрсынғали Алагөзов 100 қызметкерге пәтер сыйлады
Қазақстандық кәсіпкер, Galanz Bottlers компаниясының негізін қалаушы Тұрсынғали Алагөзов өз қызметкерлеріне жомарт сый жасады — ол 100 пәтердің кілтін табыстады. Салтанатты рәсімде Алагөзовтің өзі қатысып, пәтер кілттерін тапсырды. Компания басшылығының айтуынша, бұл тұрғын үйлер кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге берілді. Жаңа қоныс иелері өз пәтерлеріне осы күзде қоныстанады деп жоспарлануда.