Үкімет «Digital Qazaqstan» тұжырымдамасын әзірлейді – Президент

0 28

Президент Жолдауында Қазақстанның цифрлық даму бағытына ерекше тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет жасанды интеллектіні дамыту мен жаппай цифрландыруға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлейді.

«Мен жариялаған міндеттер Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуы үшін айрықша маңызды. Жасанды интеллектіні кеңінен енгізу және цифрлық технологияларды жаппай қолдану еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Бұл – біздің стратегиялық бағдарымыздың басты қыры болуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент суперкомпьютердің іске қосылуын маңызды жетістік ретінде атап өтті. Алайда бұл тек бастамасы екенін, Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру үшін жан-жақты және жүйелі жұмыс қажет екенін ескертті.

Мемлекет басшысы жаңа тұжырымдамалық құжатта барлық бастамалар мен жобалар біртұтас ұлттық стратегия аясында біріктірілетінін айтты. «Ақыр соңында, еліміздің түбегейлі цифрлық жаңғыруы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады», – деді Президент.

Leave A Reply

Your email address will not be published.