Ұлттық банк: доллар бағамының өзгеруі – нарықтық үдеріс

0 5

2026 жылғы 19 ақпанда Сенат кулуарында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов теңге бағамының нығаюына қатысты түсініктеме берді.

Журналистер валюта бағамындағы өзгерістердің референдуммен байланысы бар-жоғын және алдағы уақытта доллар қымбаттауы мүмкін бе деген сауал қойған.

Шолпанқұловтың айтуынша, Ұлттық банк валюталық нарықтың негізгі қатысушысы емес.

«Бұл – еркін айырбасталатын валюта. Бағам нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Қазіргі уақытта сұраныс азайып, ұсыныс артқандықтан доллар бағамы төмендеп отыр. Бұл – таза экономикалық үдеріс», – деді ол.

Сондай-ақ ол валюталық ахуалды бағалау үшін басқа елдердің нарығындағы үрдістерге де назар аудару қажеттігін айтты.

Ұлттық банк өкілінің сөзінше, қазіргі жағдай реттеушінің ықпалынан емес, нарық қатысушыларының белсенділігінен туындап отыр.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов теңгенің күрт девальвациялану ықтималдығына қатысты пікір білдірген болатын.


Leave A Reply

Your email address will not be published.