Ұлытаудағы мас жүргізуші: жасөспірімдердің өмірін бір сәтте өзгертті

0 70

Ұлытау облысында мас жүргізуші кафе жанында тұрған екі жасөспірімді қағып кетті. Оқиға тәртіп сақшыларының көз алдында орын алған — патрульдік көлік дәл сол сәтте сол жерден өтіп бара жатқан. Полиция дереу араласқан.

Жедел жеткен дәрігерлер жарақат алған балаларды тексеріп, олардың өміріне қауіп жоқ екенін айтты.

Облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаның басшылық бақылауында екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданған.

Алайда ең басты сұрақ — мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты жазаны қатаңдату қажет емес пе? Қазір мұндай құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке қамау мен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ бұл жазалар қайғылы салдарға лайықты ма?

Leave A Reply

Your email address will not be published.