Зеленский: Егер Путин Қазақстанда кездескісі келсе – Киев дайын

0 19

АҚШ-қа сапары барысында Украина президенті Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізуге дайын екенін айтты. Ол мұндай кездесу бейтарап аумақта, соның ішінде Қазақстанда да өтуі мүмкін екенін атап өтті.

Зеленский журналистің «бейтарап жерде кездесу мүмкін бе?» деген сұрағына жауап бере отырып:

«Трамптың командасы да, менің командам да, еуропалықтар – Макрон және басқа да көшбасшылар, Түркия президенті – бәріміз Түркияны, Сауд Арабиясын, Катарды, Еуропадағы Австрия мен Швейцарияны атадық. Егер сіз Қазақстанды қаласаңыз да – біз дайынбыз. Бар болғаны осы», – деді Украина басшысы.

Зеленскийдің айтуынша, Киев келіссөздерге тек халықаралық серіктестер қатысқан жағдайда ғана келіспек.

Айта кетейік, қыркүйек айында Владимир Путин Зеленскийге Мәскеуде кездесу өткізуді ұсынған болатын, бірақ Украина президенті бұл нұсқаны «реалистік емес» деп бағалаған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.