Жамбыл облыстық филиалында ҚР Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

0 22

Жамбыл облыстық филиалы Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында М.Әуезов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шараға жас мамандар, қала тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді азаматтар қатысып, елдің негізгі заңы аясында ұсынылып отырған өзгерістер жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

Кездесуді НПК Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Колтаев Б.Б. ашып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол Конституциялық реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтудағы рөліне ерекше назар аударды.

Одан кейін филиал төрағасының міндетін атқарушы Аққозиев Р.С. сөз сөйлеп, Конституция жобасын халық арасында кеңінен түсіндірудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай кездесулер қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты дамытуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Кездесудің негізгі спикері — Тараз қалалық мәслихаты депутаты Бибазарова Қ.Ж. болды. Ол қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулармен егжей-тегжейлі таныстырып, жаңартылған Негізгі заңда көзделген баптардың мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, реформалардың азаматтық қоғамды дамытуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Кездесу барысында ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Диалог форматының тиімділігі мен өзектілігі жиынға қатысушылар тарапынан оң бағаланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын толық қолдайтындарын білдіріп, мұндай ақпараттық-түсіндіру шараларының алдағы уақытта да жалғасуы қажет екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.