Жамбыл облысында 70 дәрігер тапшы

0 68

Жамбыл облысында 70 дәрігер жетіспейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев хабарлады.
Оның 22-і қалалық, 48-і ауылдық мекемелерде.

Жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған кадрларды даярлау үшін арнайы гранттар бөлініп, мәселенің түбіріне түсу мақсатында іс-шаралар қолға алынды. Қазіргі таңда, жалпы медицина мамандығы бойынша 51 білімгер резидентурада 84 дәрігер оқып жатыр, ал жергілікті бюджет есебінен резидентураны тәмамдаған 62 дәрігер Жамбылдың мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 жыл жұмыс істеу міндеттемесімен өңірге жұмысқа келді. Республикалық бюджет есебінен мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыспен 182 дәрігер резидентурада оқып жатқанын да айта кетейік. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, жалпы 3 893 медицина қызметкерлері – оның ішінде 977 дәрігер мен 2 916 орта буын қызметкерлері – оқытылды, сонымен қатар шетелде 21 дәрігер біліктілігін арттырды, – дейді Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев.
Жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 62 дәргер өңірге жұмысқа келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.