Жамбыл облысында еңбек адамдарына арналған форум өтті
Биылғы жыл – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы. Осыған орай Жамбыл облысында іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен форум ұйымдастырылды.
Форумды кәсіпкер-меценат Меруерт Лештаева ашып, еңбек адамына деген құрметтің маңыздылығын атап өтті.
Шараға Жамбыл облысындағы барлық аудандардан кәсіпкер әйелдер қатысты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек адамының қоғамдағы рөлін айқындап берді.
Форум барысында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Садуахасұлы Атымтай құттықтау сөз сөйледі.
Әр салада еңбек етіп жүрген жұмысшы әйелдер облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл марапат олардың еңбегіне деген зор алғыс пен құрметтің айқын көрінісі болды.
Сонымен қатар, келесі жылы Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының 30 жылдығы. Осы орайда Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығының қоғам үшін атқарған еңбегіне ерекше тоқталды.