«ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ»
«Жемқорлықты жеңу үшін тек заң емес, сана қажет»
Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін ең басты індеттердің бірі. Бұл – тек заң аясында шешілуі тиіс құқықтық мәселе ғана емес, қоғамның әр мүшесінің өмірлік ұстанымына айналуы қажет моральдық сын. Мемлекеттік қызметкерден бастап, ауыл мұғаліміне дейін бұл ұғымды тек сырттан бақылаушы емес, ішкі жауапкершілікпен қабылдауы шарт.
Журналист ретінде түрлі саладағы азаматтармен кездесіп, сыбайлас жемқорлық туралы айтқанда, ең жиі еститін уәж – «бәрі бұрыннан солай, ештеңе өзгермейді». Бұл — үмітсіздік емес, бейқамдық. Ал бейқамдық – жемқорлыққа жол берудің бастапқы нүктесі.
Менің ойымша, жемқорлықпен күресте ең басты үш бағыт бар:
1.Жастарға тәрбие беру: Жемқорлыққа қарсы мәдениет мектептен басталуы тиіс. Балаларға парақорлықтың не екенін заң тілімен емес, өмірлік мысалдармен түсіндіру қажет. Тек плакаттар іліп, ұрандату жеткіліксіз. Сабақ барысында, мектеп жобаларында, тіпті оқушы кеңесінде де адалдыққа негізделген жүйелер енгізілсе, нәтиже басқа болар еді.
2.Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру: Қоғамда «мемқызметкер – байлыққа апаратын жол» деген түсінік әлі де бар. Бұл — қауіпті түсінік. Мемлекеттік қызметші елге қызмет етуші екенін, ал мемлекет оған лайықты жалақы, әділ шарттар ұсынатынын дәлелдейтін нақты саясат қажет.
3.Журналистік зерттеу мен жариялылық: Қазіргі қоғамда БАҚ-тың күші ерекше. Әрбір журналист – қоғамның көз-құлағы. Біз адалдықты талап етумен қатар, өз жұмысымызда да ашықтық, әділдік, дәлелділік қағидаттарын ұстануға тиіспіз. Жемқорлық фактісін жариялау – батылдық емес, кәсіби міндет.
Қазір елімізде пара алған да, пара берген де жазасыз қалмайды. Бірақ бұл жеткілікті ме? Жоқ. Бізге керегі – жемқорлықты туындатпайтын жүйе мен сана. Бұл бағытта мемлекеттік органдар, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар, әрине, азаматтардың өзі де бір бағытта жұмыс істеуі керек.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттің емес, әр азаматтың парызы. Бұл күресте сөз де, іс те шынайы әрі тұрақты болуы қажет.

Автор: Саламат Рахымет, журналист