ЖРВИ мен тұмау кезеңіндегі санитариялық талаптар жаңартылды

0 5

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылғы 12 ақпандағы бұйрықпен ЖРВИ, тұмау, менингококк инфекциясы, COVID-19, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізу талаптарына өзгерістер енгізді.

Құжат 2026 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.


Қандай жаңалықтар бар?

Ережелер бірнеше жаңа ұғыммен толықтырылды:

Рутиндік эпидемиологиялық қадағалау – эпидемиялық маусымда ЖРВИ, тұмау, COVID-19 және олардың асқынулары (пневмония) бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімді тұрақты мониторингтеу.

Тұмауға ұқсас аурулар (ТҰА) – соңғы 10 күнде басталған, дене қызуы ≥38°C және жөтелмен сипатталатын жедел респираторлық инфекциялар.


Медициналық ұйымдарға қойылатын талаптар

Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда:

  • Күдік туындаған жағдайда биоматериал 72 сағаттан кешіктірілмей алынады;

  • Үлгілер вирусқа арналған арнайы ортада сақталып, 2–8°C температурада 72 сағатқа дейін ұсталады;

  • Зертханаға жеткізу 48 сағат ішінде (ең көбі 72 сағат) жүзеге асырылуы тиіс;

  • Тасымалдау «үштік қаптама» қағидалары мен суық тізбекті сақтай отырып жүргізіледі.


Білім беру ұйымдарындағы шектеулер

Эпидемиялық маусымда:

  • Жаппай және ойын-сауық іс-шаралары шектеледі;

  • Егер бір сыныпта (топта) 20–30% бала ауырса – 7 күндік медициналық бақылау енгізіледі;

  • 30% және одан көп оқушы ауырса – қашықтан оқытуға көшіріледі;

  • Балабақшаларда соңғы науқас тіркелгеннен кейін бір инкубациялық кезеңге оқу процесі тоқтатылады.

Апталық сырқаттанушылық шекті деңгейден асып немесе алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 еседен көп артқан жағдайда аумақтық шектеу шаралары енгізіледі.


Мониторинг қалай жүргізіледі?

Рутиндік эпидемиологиялық қадағалау аясында ай сайын айқын белгілері бар 10 науқастан аспайтын биоматериал алынады. Бұған ауыр немесе кластерлік жағдайлар да кіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.