Жуалыда қар суы бір үйдің ауласына кірген

0 22

Бүгін сағат 14.35-те Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округі Шымбұлақ ауылында көше бойында көлбеу су аққаны туралы хабарлама түскен.

7 наурыз күні болған боранның салдарынан Төреқұл каналының қармен бекітілуіне байланысты көлбеу су ауылдағы Қ.Естайұлы және Бектаналы көшелерінің бойымен (жол бойы) су ағып өткен.

Қазіргі уақытта ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан 7 арнайы техника, 20-дан астам адам суды бұру жұмыстарын атқаруда.

Су тек бір үйдің ауласына кірген. Ешқандай үй зардап шеккен жоқ.

Жағдай облыс әкімінің бақылауында. Аймақ басшысының тапсырмасымен облыстық ТЖ департаменті басшысы, Жуалы ауданының әкімі оқиға орнында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.