Жуалыдағы Көксай этно-туристік кешені қалтаға тиімді ме?
Sert Inform ақпараттық агенттігінің тілшісі Жуалы ауданына арнайы барып, Көксай этно-туристік кешенін аралап көрді. Табиғат аясында орналасқан демалыс орны жайлы толық мәліметті нысан иесі, жеке кәсіпкер Сырым Мырзахмет берді.
Көксай кешені 2020 жылдан бері жұмыс істейді.
Қыс мезгілінде мұнда келушілер шаңғымен сырғанай алады. Шаңғы трассасының ұзындығы 500 метрді құрайды. Жоғарыға көтерілу үшін 98 баспалдақ жасалған.
Қазақ үйлер:
Қазіргі таңда аумақта 12 киіз үй бар. Алдағы уақытта бұл санды 20-30-ға дейін арттыру жоспарлануда. Киіз үйлер жалға беріледі, бағасы адам санына байланысты өзгереді.
Мысалы, 30 адамға арналған ең үлкен қазақ үйдің жалдау құны – 60 000 теңге (12 сағатқа).
Кіру құны:
- Ересектер үшін – 1 000 теңге
- 12 жасқа дейінгі балаларға – тегін
Беседкалар:
- Бағасы көлеміне қарай – 25 000 – 30 000 теңге аралығында.
Шетелдік туристер үшін гид қызметі қарастырылған. Ең қызығы – гид қызметі тегін.
Жатын орындар:
Қазір кешенде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада толық жабдықталған жатын бөлмелер іске қосылады. Екі адамға арналған бөлме құны – 35 000 теңге.
Кешен табиғатпен тынығып, дәстүрмен танысып, қарда сырғанап демалғысы келетіндер үшін таптырмас орын. Қалта көтеретін баға, таза ауа, ұлттық нақыш – бәрі бір жерде.
Сюжеттің толық нұсқасын YouTube арнасынан көре аласыздар!