АҚШ-тағы пезидент сайлауы: «құбылмалы» штаттарда Трамп алда келеді

0 13

Республикашылар атынан сайлауға түскен Дональд Трамп, алдын ала мәліметтер бойынша, «құбылмалы» штаттарда алда келеді. Қарсыласы Харрис те оны өкшелеп келеді.

Нақты уақытта қанша дауыстың саналғанын көрсететін Fox News арнасының хабарлауынша, Астана уақыты бойынша 10:09-дағы жағдай бойынша Трамп «құбылмалы» штаттарда көбірек дауыс жинаған. Осылайша Пенсильванияда республикашылдар 50,96 пайыз дауыс жинады. Көрсеткіштер мынадай: Джорджия – 50,78 пайыз; Солтүстік Каролина – 50,81 пайыз; Мичиган – 52,15 пайыз; Аризона – 49,85 пайыз; Висконсин – 51,19 пайыз. Невадада дауыстар әлі саналған жоқ. Ал демократтар пессимизмге ұшырады.

Камала Харрис науқанының директоры Джен О’Мэлли Диллон қызметкерлерге жарыстың тез шешілетінін күтпейтінін айтты. Дегенмен ол вице-президенттің әлі де мүмкіндігі бар деп есептейді, деп хабарлайды CNN. Агенттік мәліметінше, жалпы жағдайға келетін болсақ, Трамп 230 дауыс, Харрис 182 дауыс жинаған. Жеңіске жету үшін кандидат кемінде 270 дауыс жинауы керек, деп хабарлайды CNN. Ал Fox News мәліметінше, демократта 216, оның қарсыласында 232 дауыс бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.