Мемлекет басшысы ресми сапармен Сербияға барды

Келіссөздер қорытындысы бойынша, екіжақты келісімдерге қол қойылады

0 29

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербия президенті Александр Вучич Белград әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды sert-inform.kz

Қазақстан президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекет басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, екіжақты келісімдерге қол қойылады. Сонымен қатар Сербияның премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.