ТАРАЗ, ШУ ҚАЛАЛАРЫНДА 3 ЗАҢСЫЗ ҚҰМАР ОЙЫН БИЗНЕСІ АНЫҚТАЛДЫ
Сонымен қатар заңға қайшы контенті бар 744 сілтеме бұғатталды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жағыпар Исатаев айтты.
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, 2 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Заңға қайшы контенті бар 744 сілтеме бұғатталды.