Түркістан облысында экстремистік ұйымның тобы жойылды

0 19

Түркістан облысында экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды, деп хабарлайды sert-inform.kz

Олар шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін интернет ресурстар арқылы таратқан. Қазір «Хизб-ут-Тахрир» деп аталатын қозғалысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 10 азаматқа сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Топ басшысы бұрын да тыйым салынған діни-экстремистік бірлестіктің қызметіне қатысқаны үшін сотталғаны белгілі болды. Күдіктілердің үйінен теріс діни әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар табылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.