Қазақстандық конькишілер Әлем кубогінде жеңіске жетті

Отандық спортшылар тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

0 14

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөпсірімдер құрамасы Әлем кубогінде үшінші орынға ие болды.

Olympic.kz мәліметінше, отандық команда Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен Әлем кубогінің кезеңінде қола медальға қол жеткізді.

Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко мен Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті, – делінген ақпаратта.

Бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.