Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс алдағы екі аптада сотқа жіберіледі

0 48

 

Депутат Абзал Құспанға мұны полиция және прокуратура өкілдері айтқан. Сөзінше, күдіктілердің бәрі қамауда, әрқайсысына қатысты құқықтық баға берілген.

Менің ойымша, келесі аптада, болмаса, одан кейінгі аптада іс сотқа жолдануы тиіс. Прокуратура органдары сот алдында осы іске қатысты брифинг өткізеді, дейді депутат.

Айта кетейік, жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру”, ал Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың қазасы бойынша тергеу 105-бап “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бойынша жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.