Жаңалықтар

Алматыда құрылыс компаниясының басшылары 312 адамға жалған пәтер сатқан

Компания басшылығы тұрғын үй кешендерінің құрылысына рұқсат құжаттарынсыз және үлескерлердің қаражатын тарту құқығынсыз 2022-2023 жылдар аралығында үш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату сылтауымен азаматтардың…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Компания басшылығы тұрғын үй кешендерінің құрылысына рұқсат құжаттарынсыз және үлескерлердің қаражатын тарту құқығынсыз 2022-2023 жылдар аралығында үш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату сылтауымен азаматтардың ақшасын алдау жолымен жымқырғаны анықталды.

Аталған іс бойынша 312 адам жәбірленуші деп танылып, жалпы шығын 2,5 млрд теңгеден асқан. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрт басшысы ұсталып, қазіргі таңда қамауда отыр, — делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеп-тексеру аясында жәбірленушілердің құқықтарын қалпына келтіру қамтамасыз етілді, ал қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарға құрылыс компанияларымен келісімшартқа түсудің алдында мұқият тексеріп, тек ресми құжаттар негізінде ғана қаражат салу қажеттігін ескертеді.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *