Жаңалықтар

Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда ұшақ апаты дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі («Көлік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Ақтауда ұшақ апаты дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі («Көлік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп жазылған көліктегі полиция департаменті.

Оқиға орнына Ішкі істер министрлігінің, көліктегі полиция департаментінің және Бас көлік прокуратурасының басшылығы, сондай-ақ жедел-тергеу тобы шұғыл аттанды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін ұшақ апатынан 28 адам аман қалғаны хабарланған еді.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *