Жаңалықтар

Ақтау маңында ұшақ құлады

Ақтау маңында Баку – Грозный бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады. Оқиға орнында төтенше жағдайлар…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Ақтау маңында Баку – Грозный бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істеп жатыр. Апат орнына жеке құрамнан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар.

ТЖМ Командалық орталығында жедел штаб құрылды, сенім телефоны: 8/7292/319099.

Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *