2026 sürümüyle piyasaya bettilt çıkacak olan büyük ses getirecek.

Türk kullanıcılar için slotlar genellikle kolay oynanabilir yapısıyla tercih edilir; bettilt giriş arayüzünü bu şekilde tasarlamıştır.

Bahisçiler için hazırlanan pinco kodları yatırımları artırıyor.

Promosyonlarla kazançlarını artırmak isteyenler bettilt giriş fırsatlarını değerlendiriyor.

2024’te Avrupa’da bahis oynayan kullanıcıların %31’i kadınlardan oluşmuştur ve bahsegel giriş kadın kullanıcı sayısında artış göstermektedir.

Türk bahis pazarında en çok tercih edilen ödeme yöntemi elektronik cüzdanlardır, bahsegel giriş bu yöntemleri destekler.

Spor tutkunları, canlı maçlara yatırım yapmak için bahsegel giriş bölümünü tercih ediyor.

Yüksek jackpot oranı sunan oyunlar, pinco giriş üzerinde özel kategori halinde listelenmiştir.

Lisanslı yapısı sayesinde güven veren bettilt Türkiye’de hızla popülerleşiyor.

Bahis dünyasında istikrarı, kaliteyi ve güveni bir bahsegel giriş araya getiren, oyuncularının memnuniyetini her zaman öncelikli tutuyor.

Биыл бала құқығын қорғау саласында 3 негізгі заң қабылданды

Осы жылы балалар ерекше назарда болды

0 148

2024 жылы бала құқығын қорғау саласында 3 негізгі заң қабылданды.

Биылғы жыл елімізде балалар құқығын қорғау бойынша маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Осы жылы балалар жағдайын жақсартуға, әсіресе әлеуметтік қолдау мен балалар қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған үш негізгі заң қабылданды, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Ақпанда «Бала құқығы туралы» заңға жетім балалар үшін тәлімгерлік институтын енгізу бойынша өзгерістер енгізілді. Енді ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәлімгерлердің жеке қолдауына жүгіне алады. Қазір бұл жобаны жүзеге асыру белсенді түрде жүріп жатыр: бүгінде 17 қалада 330-дан астам тәлімгер айқындалып, олар балаларға қоғамға бейімделуге және өз бетінше өмір сүруге дайындалуға көмек көрсетіп келеді, – деп қосты ведомство.

Сәуірде әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заңға қол қойылып, ол маусымнан бастап өз күшіне енді. Бұл заң 70-тен астам өзгерісті қамтиды. Балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Оның ішінде тәулік бойы көмек көрсететін «111» байланыс орталығы қызметінің бекітілуі, сондай-ақ балалар құқығы бойынша өңірлік уәкілдер институтын құру туралы жаңашылдықтарды атап өтуге болады. Заңда буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік және балаларды автобустан түсіруге тыйым салу қарастырылған.

2024 жылы Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөнінде маңызды қадамдар жасалды. Желтоқсанда Сенат мұндай балаларға арналған отбасылық құрылымның жаңа формасын – кәсіби қабылдаушы отбасын енгізетін заңды мақұлдады. Бұл олардың тұрақты ортадағы өмір сүру және тәрбиелеу жағдайларын жақсартады. Бұған қоса, заңмен қамқоршылық органдары мамандарының штат саны – 5 мың балаға кемінде бір маман болып белгіленген. Осылайша, олардың жұмысының тиімділігін арттыру көзделіп отыр.

Тағы бір жаңалық әлеуметтік көмектің кеңеюі болды: енді жеке меншік мектептерде оқитын осал отбасылардың балалары қажетті мектеп керек-жарақтары мен тауарларды мемлекеттік мектептегі оқушылармен бірдей алады.

Бұл жыл еліміздегі балалар құқығын қорғау жүйесінде маңызды өзгерістер жылы болды. Қабылданған заңдар тек балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың толыққанды дамуына жағдай жасайды. Соның ішінде жетім балаларды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды және қиын жағдайға тап болған мектеп оқушыларын қолдау көзделіп отыр. Біз бұл қадамдар әрбір баланың жарқын болашағын қамтамасыз ететін қоғам құруға ықпал ететініне сенімдіміз, – деді Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Биыл комитет қабылданған заңдардан бөлек, балалар құқығын қорғауды күшейту және жас ұрпақты қолдаудың қосымша механизмдерін құру мақсатында 14 жаңа нормативтік құқықтық акт, оның ішінде қаулылар мен бұйрықтар шығарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.