Египетте қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады — БАҚ
Зардап шеккендердің ауруханаға жеткізілгені хабарланды
БАҚ-та Египте қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тарады. Cairo 24 хабарлауынша, апат Рас-Сидр қаласында болған.
Автобуста Ресей мен Украинадан 31 турист болғаны хабарланды. Сондай-ақ зардап шеккендердің үшеуі Қазақстаннан, үшеуі Әзербайжаннан екені айтылды. Барлығы ауруханаға жеткізілді.