Желтоқсан оқиғасы неден басталды

Желтоқсаншы Кеншінбеков Талғат Дүкенбайұлы Sert-Inform подаст студиясында сұхбат берді.

0 11

Сіздің желтоқсан оқиғасына қатысуыңызға не итермеледі?

-1986 жылы 16 желтоқсан күні мен 17 жаста болдым. Ол кезде Алматы қаласындағы архитектура-құрылыс институтында 1 курс студенті болдым. 17 жасар кезімде, ел мен жерге деген патриоттық сезім ояна қойды деп айта алмаймын. Дегенмен сұраққа жауап берейін. Сол сәтте жанымда екі досым болды. Кешкі уақыт еді. Достарыммен шаштараздан қайтып келе жатып автобусқа міндік. Бірақ автобус басқа жақа бұрылып кетті. Сыртқа шықсақ топырлаған адамдар. Не болып жатқанын түсінбедік. «Қазақ халқының кім екенін көрсетейік» деп ұрандатқан жасы үлкен кісілермен ілесіп жүре бердік. Солай түсінбей алаңға жеттік. Алаңда 250-300 адам жиналып қалған. Сол жерден мән-жәйді түсіндік. Қанша жыл елімізді басқарған Дінмұхаммед Қонаевті орнынан алып, қазақ елінің табиғатын түсінбейтін, не экономикасын түсінбейтін Ульянов облысынан мэр алып келіп тағайындайын деп жатыр екен. Соған пікірімізді айтуға жиналып жатырмыз деді. Негізгі қалау, қазақ болмаса да қазақстандық адам болса деген екен. Соны  түсіне бастадық. Солай халық көбейе бастады. Басында бейбіт шеру болып басталған. Бір кезде жасы үлкендеу бір кісі бізге ақ матаға неше түрлі ұрандатылған сөздерді жазуды бұйырды. Сол жазуларды алаңға тасыдық. Сол жүріспен алаңда үш күн болдық. Сол күндері түсіндік, біз дербес ел бола ала алатынымызға,-деп жауап берді Талғат Дүкенбайұлы.

Желтоқсанға дейін және кейін саясат қалай өзгерді?

-Ия, бұл оқиға 1986 жылы болғанмен Тәуелсіздікті неге 1991 жылы алдық деген сұрақтар қойылып жатады. Себебі ол жылдар арасында, біз секілді алаңда болған жандарды қудалаумен болды. Оқудан шығаратындарды шығарды, соттайтындарды соттады. Қайрат Рысқұлбековтен 2 ай бұрын ату жазасына алып кеткен Мырзағұл Әбдіқұлов деген кісі бар. Ол кісі қазір тірі, ортамызда. Екеуі бірге 60 күн бір камерада болған. Мұхтар Шаханов бастаған комиссия арқасында ату жазасын 20 жылға шегеріледі. Бірақ Қайратты Семейге, Мырзағұлды Сібірге жібереді. Дегенмен, Қайрат Рысқұлбеков сол үкімнен кейін төрт күннен соң белгісіз себеппен көз жұмады.Ал, Мырзағұл Әбдіқұлов Тайгада көресіні көрген. Сол жақтын басшысы 200 литрлік суға 5 кг хлор салып жалаңаш 2 сағатқа отырғызған. Сол кісіні қазір жастар таныса екен дейміз,-деді Талғат Дүкенбайұлы.

Алаңда жүрген кезде артқа қайту ойда болды ма?

-Сол кезде біз бәрін көзбен көрдік. Өрт сөндірушілер көбік шашып, ол суға айналып. Машиналарды өртеп деген сияқты. Жаннан тәтті дүние жоқ қой, өртеп немесе атып тастайма деген ой болды. Бірақ әркім өз бетінше әрекет етті. Бір-бірімізді қорғай жүрдік. Шеруде жүрген кезде қыз балалар алғы шепте жүрді. Себебі жоспар солай болды. Сақшылар қыз баланы аяп, ұра қоймас деп ойладық. Бірақ олай болмады,-деп жауап берді Талғат Дүкенбайұлы.

Толығырақ:

Leave A Reply

Your email address will not be published.