Жаңалықтар

Қазақстан көбіне ресейлік жұмысшыларды жалдайды

Бұл туралы Ресей басылымы хабарлады. Былтыр көрші ел азаматтарының шетелдегі жұмысқа қатысты алған шақыртуларының саны 33,6%-ға артқан. Ресейлік мамандарды жиі жұмысқа шақырған елдер арасында…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Бұл туралы Ресей басылымы хабарлады. Былтыр көрші ел азаматтарының шетелдегі жұмысқа қатысты алған шақыртуларының саны 33,6%-ға артқан.

Ресейлік мамандарды жиі жұмысқа шақырған елдер арасында Беларусь (22%, 172,3 мың шақырту), Қазақстан (20%, 150,9 мың), Грузия (9%, 69,7 мың), Түркия (9%, 67,8 мың) және Өзбекстан (7%, 57,2 мың) тізімді бастап тұр.

Сату менеджері, бағдарламашы және колл-орталық операторлары, дизайнерлер, маркетинг бойынша менеджерлер, интернет-маркетологтар сияқты мамандықтар сұраныста болған.

Оларға 51,7 мың рубльден бастап (270 мың теңге) 226 мың рубльге дейін (1,2 миллион теңге) жалақы ұсынылған.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *